Атырауда ІІІ Халықаралық Солтүстік-Каспий аймақтық "Атырау Билд 2004" атты құрылыс көрмесі өтеді
24-26-наурыз аралығында "Атырау" спорт кешені аумағында ІІІ Халықаралық Солтүстік-Каспий аймақтық "Атырау Билд 2004" құрылыс көрмесі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Iteca компаниясынан хабарлады. |
Көрме аймақта құрылыс индустриясының дамуына түрткі болу, экономиканың аталмыш саласына инвестиция тарту, Атыраудың іскерлік беделін арттыру мақсаттарын көздейді.
Қатысушылар көрменің мынадай бөлімдері бойынша өнімдерін көрермен назарына ұсына алады : құрылыс материалдары және салалық қызмет түрлері, жылыту жүйелері, интерьер, изоляциялық материалдар мен технологиялар, сантехника, құрал-жабдықтар т.б.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге қатысушылар саны 2003-жылғымен салыстырғанда 25 процентке өскен. Атап айтсақ, форумға Әзербайжан, Дания, Германия, Қытай тәрізді дүниежүзінің 9 елінен 150-дей компания қатысқалы отыр.
Көрмеге қатысушылар арасында "Жыл дебюті" тақырыбында байқау өткізіледі.
Үш күнге созылатын "Атырау Билд 2004" көрмесіне 7 мыңдай адам қатысады деп күтілуде, дейді ұйымдастырушылар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін