Атырауда күйеуі әйелінің жон арқасына пышақ сұғып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда күйеуі әйелінің жон арқасына пышақ сұғып алды

Атырауда күйеуі әйелінің жон арқасына пышақ сұғып алды

Атырауда күйеуі баласының көзінше әйелінің арқасына пышақ сұғып алды.

  • 23 Тамыз 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

12 сәуірде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі, "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс әкімшілік сотта қаралды. Алайда ерлі-зайыптылар сотта татуласып, іс орта жолдан жабылды. Биылғы жылдың 24 шілдесінде әйел күйеуінің қоқан-лоқы көрсеткеніне шағымданған. Жәбірленушінің арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы, "Қорқыту" бойынша іс қозғалды. Бұл азамат әйелінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін сотпен үш күнге қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасап, "Мой город".

ҚР Қылмыстық кодексінің 115 -бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс сотқа жіберіледі


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 30 жастағы әйелдің ауруханаға 22 тамыз күні кешке кеуде тұсына сұғылған пышақ жарақатымен келіп түскенін хабарлады.