Жарияланды: 600

Атырауда Нұрлан Балғымбаевты соңғы сапарға шығарып салды

Атырауда Нұрлан Балғымбаевты соңғы сапарға шығарып салды

Атырауда  Нұрлан Балғымбаевты соңғы сапарға шығарып салды.

Қоштасу шарасында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту хатын оқыды.

Дина Нұрпейісова атындағы Мәдениет үйінде өткен қоштасу шарасына мыңнан астам адам қатысты.  Нұрлан Балғымбаевты соңғы сапарға шығарып салуға үкімет мүшелері,  сенаторлар,  Парламент депутаттары, мұнай-газ компанияларының басшылары, қоғам өкілдері, ардагерлер келді.

Бұрынғы ҚР Премьер-Министрі  Нұрлан Балғымбаев 68-ге қараған шағында Атырау қаласында  14 қазанда дүниеден өтті.

Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы  1947 жылы  Атырау қаласында туған.1973 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

1992-1993 жылдары Массачусетс университетінің тыңдаушысы болды.

Еңбек жолын Атырау (қазіргі Маңғыстау) облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған.

1973-1977 жылдары "Маңғышлақмұнай" бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері.

1977 - 1992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, "Ембімұнай", "Ақтөбемұнай" бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін "Шеврон" компаниясында жұмыс істеді.

1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды.

1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрі ретінде қызметін атқарды.

1999 жылдан "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі.

2002 жылдан - «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті.

2007 жылдан - ҚР Президентінің кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы өкілі.

2009 жылдың желтоқсанынан бері - «ҚазМұнайГаз» салынып жатқан кәсіпорындарының әкімшілігі» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
Балғымбаев - еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға. Үкімет басшысы ретінде әлеуметтік саладағы реформаторлығымен, отандық тауар өндірушілерге мүмкіндігінше қолдау көрсету бағытын ұстануымен ерекшеленді. 1-дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған (1999).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін