Жарияланды: 580

Атырауда құқық қорғаушы түрмеге есірткі өткізбекке әрекеттенген

Атырауда құқық қорғаушы түрмеге есірткі өткізбекке әрекеттенген

Атырауда ҚАЖ мекемесіне есірткілік зат өткізбек болған құқық қорғаушы ұсталды.

«Тергеудегі кісімен құқық қорғаушы ретінде кездесуге келген ер адамды тексеру кезінде  оның аяқ киімінен есірткілік зат табылды. Ол сараптама қорытындылары бойынша марихуана болып шықты. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдануы үшін сотқа жіберілді», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ризабек Дәулетов.

ІІМ ҚАЖ Комитеті баспасөз қызметінің ақпаратынша, ағымдағы жылы пенитенциарлық жүйенің түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттері санының азаюы байқалды. Бұл ең алдымен жаңа қылмыстық-атқару заңнамасының күшіне енуінен, яғни  осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қатаңдануынан болып отыр.

2015 жылдың 9 айының ішінде республика бойынша тыйым салынған заттарды жеткізу әркеттері үшін азаматтық тұлғалар қатарындағы 217 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде 24 адам қылмыстық жауапкершілікке, 193 адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 88 адамға әкімшілік айыппұл салынған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін