Атырауда тәрбиешісі түберкүлезге шалдыққан балабақшадан тағы шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда тәрбиешісі түберкүлезге шалдыққан балабақшадан тағы шу шықты

Атырауда тәрбиешісі түберкүлезге шалдыққан балабақшадан тағы шу шықты

Атырауда туберкулездің ашық түрімен ауыратын қызметкер анықталған балабақшада ата-аналар шу шығарды. Олар бұл жағдайды жасырған мекеменің басшылығын жағадан ала жаздады. Өйткені, тәрбиеші өткен айдың соңында ауруханаға түссе де, ғимаратты залалсыздандыру жұмысы тым кеш жүргізілген. Оның өзінде үш күнге жабылуын - жөндеу жұмыстарымен байланыстырып, жұртты алдапты.

  • 26 Қараша 2015
  • 189
Фото - Caravan.kz

Балабақшаға жиналған жүзге жуық ата-ана жиналысқа келген арнайы  мамандарға осылай деп тап берді. Әсіресе, жағдайды ашып айтпай, құбыр ауыстырамыз деп балабақшаны үш күнге жапқан меңгерушіге ашулы. Басшының өзі кейін мейірбикемен қоса жұмыстан кетіп үлгеріпті. Ал орнына уақытша келгені ақталып әлек.

Дина Мусиева, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-Шынымен де аяқ асты есіттік. Жұмыста жүрген кісі. Мысалы, адамның бетінде жазылып тұрған жоқ қой, мына кісі ауру, мына кісі сау. Қолында медициналық құжаты, мөрі болған соң  жұмысқа қабылдаймыз.

Бұл балабақшада 800-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленеді. Осы оқиғадан соң баласының денсаулығын ойлап, тексерістен бір емес, бірнеше рет өткендердің нәтижесі әртүрлі шыққан.

Алмагүл Қазалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Ақылыға  барып түскенде  ашық формасы  бар деді.  ал тегініне түскенде онда бәрі дұрыс дейді.  Білмеймін, қай жаққа сенетінімді?

Үлкен шуға айналған бұл іске прокурорлар да араласып, қазір жан-жақты тексеру жүріп жатыр.

Руслан Құлмұқанов, Атырау қалалық прокуратурасының аға прокуроры:

-Қазіргі кезде бұл қызметкердің жұмысқа қалай жіберілгендігі тексеріліп жатыр. Денсаулығы жайлы құжаттардың қолдан жасалынғаны немесе сатып алынғаны анықталса, шара қолданамыз.

Қазір тубдиспансерде ем алып жатқан тәрбиеші бұрын-соңды бұл дертпен ауырмағанын айтыпты. Бірақ медициналық кітапшасында 2008 жылы осы дертке қатысты жазбаның болғанын дәрігерлер мойындап отыр.