Атырауға күнкөріс қамымен келіп, бірақ жұмысқа орналаса алмаған 48 жастағы алматылық Манат Тоқтарбеков әуелі 10 қыркүйек күні өзінің ұялы телефонынан 112-ге соғып, автобекет ғимаратында қара сөмкенің жатқанын және оның ішінде жарылғыш зат бар екенін хабарлапты. Және мұнымен қоймай, келесі күні полицияға да супермарткеттердің бірінде бомба бар деп қоңырау шалыпты. Абырой болғанда, айтқандары шындыққа жанаспады. Жедел әрекет ету қызметтерін босқа әбігерге салған азамат үшінші күн дегенде қолға түскен еді. Енді оның бұрын сотталмағанын және ісіне өкінетінін ескерген сот оған жұмсақтық танытты. Тоқтарбеков алдағы 2 жылын жалпы тәртіптегі колонияда өткізбек.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр