«Атыраулық» футболшылар черногориялық «Будучность» командасынан жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атыраулық» футболшылар черногориялық «Будучность» командасынан жеңді

«Атыраулық» футболшылар черногориялық «Будучность» командасынан жеңді

«Атырау» футбол клубы кеше Түркияның Анталья қаласындағы екінші оқу-жаттығу жиынындағы үшінші бақылау матчын Черногорияның Подгорице қаласының «Будучность» командасымен өткізді.

  • 18 Ақпан 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz

Черногориялық бапкер Миодрага Радулович жаттықтыратын атыраулықтар бұл ойында 1:0 есебімен басым түсті. Қарсыластар қақпасына соғылған жалғыз доптың авторы франциялық шабуылшы Микаэль Антуан-Кюрье болды. Өткен маусымда Малайзияның «Фельда Юнайтед» командасында бақ сынаған бұл ойыншы енді Қазақстан Премьер-лигасында «Атырауда» өнер көрсетпек.

Атыраулықтар бұған дейін Белорус елінің Солигорс қаласының «Шахтеріне» 1:2, одан кейін Укрананың Полтава қаласының «Ворскла» командасына 0:1 боп ұтылған еді.