жиырма тәулікке қамауға алды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" сот кеңсесінен
"Өткен сенбіде сот оны жол апатын мас күйінде жасады деп танып, оны 20 тәулікке қамауға алды", деді әңгімелесуші.
Алдында хабарлағандай, 2013 жылы 1-желтоқсанда М.Үсенов BMW Х6 ие бола алмай, жолдағы адамдарды басып кеткен. Оның бірі сол жерде қаза болған, қалғандары орташа және жеңіл дене жарақатын алған.
Онда ол айыппұл төлеумен құтылған. Артынан М.Үсенов прокуратураның арызымен 45 тәулікке қамауға алынып, екінші рет жүргізуші куәлігінен айырылған болатын.
Өткен сенбіде ол тағы жол апатын жасаған. Оның "Мерседесі" қарсы жолға шығып кетіп, "Тойотамен" соқтығысқан. Апат салдарынан "Тойотаның" 38 жастағы жүргізушісі келіншек басынан жарақат алған, ол ауруханада.