АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады
![]() |
Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөліктері арқылы атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты |
кей жерлерде жауын-шашын сақталады, қар аралас жауын жауады; жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады; тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін жетеді, күндіз желдің күші 15-20 м/с болып, кей жерлерінде бұрқасын тұрып, көктайғақ болады.
Павлодар облысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-ға дейін күшейіп, бұрқасын болады.
Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін