Ауруханаға «жарылғыш зат қойған» ер адам ұсталды
![]() |
Алматыда №7 ауруханадан жарылғыш зат табылмады. |
Қалалық ІІД «Арлан» арнайы саперлік бөлімшесі, Наурызбай ауданының ІІБ қызметкерлері, ТЖД өкілдері ғимаратты 1 сағаттан астам уақытта түгел тінтіп шықты.
Ғимараттан 1 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Сондай-ақ, хабарласқан адамның кім екендігін анықталды. Полиция күдікті ретінде 23 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады.
«Бұл адам өзінің бұзақылық пиғылмен осы әрекетке барғанын айтқан. Қазір аталған дерек ҚР ҚК 273-бабы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Айта кету керек, мұндай қылмыс үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін», - деді Салтанат Әзірбек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы 9-да белгісіз адам кезекші пультына хабарласып, Райымбек пен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан №7 қалалық клиникалық ауруханада жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін