Жарияланды: 430

"Ауыл" кедендік бекетінің қызметкерлері есірткі партиясын ұстады

"Ауыл" кедендік бекетінің қызметкерлері есірткі партиясын ұстады. Бұл туралы "Семей" кеденінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі Өскемен-Новосибирск бағытына бет түзеген бағдарлы автобусты тексерген кезде иісшіл иттердің көмегімен табылған. Автобустың оң жақ жүк салатын қоймасынан үш ыдыс шығып, олардың ішінен араның балы мен құм қабатының астына жасырылған екі полиэтилен дорбадан қара жасыл түсті, өзгеше иісі бар өсімдік тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы көрсеткеніндей, бұл зат апиын болып шықты. Тәркіленген апиынның жалпы салмағы 13 кило 823 грамм. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін