«Бұл бағдарлама өз тиімділігін көрсетті. Өткен жылы корпорация жалпы сомасы 707 млн 947 мың теңге болатын 72 жобаны несиелендірді. Ауылдарда шамамен 80 сауда орны, жол бойындағы қызмет көрсету орны, қонақ үй, ауыл туризмінің нысандары ашылды. Ауылдарда жұмыссыздық азайып, адамдар кәсіпкерлік қызметпен белсенді түрде айналыса бастады», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі өкілдері.
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ ауыл халқын жылына 9,5 % өсіммен несиелендіруде. Ол коммерциялық банктердің мөлшерлемесінен 2-3 есе аз. Бұл бағдарламаға қатысқысы келетіндердің саны өте көп. Осыған байланысты корпорация осы бағдарламаға сәйкес несиелендіруді ұлғайту үшін қосымша қаражат тарту мәселесін қарастырып жатыр.
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ 2001 жылдың 25-қаңтарында құрылған. Корпорацияның 100% акциясы мемлекет меншігінде. 2007 жылы корпорация активі 29,1 млрд теңгені құрады. Өзіндік капиталы — 25,1 млрд теңге болса, жарғылық капиталы 24,4 млрд теңге.
Аграрлық несиелік корпорация — ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді, оны өңдеуді, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті несиелендіруді іске асыратын арнайы ұйым. Корпорация мақсаты компанияның тиімділігі мен ашықтығы негізінде ауылда бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыратын қол жетімді несие жүйесін құруға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті