Ауылдағы зейнетақы қаладағы студенттің қалтасына түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылдағы зейнетақы қаладағы студенттің қалтасына түседі

Ауылдағы зейнетақы қаладағы студенттің қалтасына түседі

«Қазпоштаның» «Сәлем теңге» аударымы арқылы ауыл тұрғындары қалаға көп ақша жібереді. Бұл туралы бүгін «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Ең қызығы «Сәлем теңге» ақша аудару жүйесін іске қосқанымызда біз қала тұрғындары ауылға қаржы аударады деп ойлаған едік. Алайда бәрі керісінше болып шықты. Ауылдықтар қалаға көп ақша аударады екен. Яғни, зейнетақы алған адамдар қаладағы балаларына ақша жиі жібереді. Міне, осындай кері тенденцияны байқап отырмыз», — деді Б.Мусин.

Сонымен қатар қызметкерлерді ынталандыру тетігі де қарастырылғанын айта келе олардың әрбір «Сәлем теңге» ақша аударымынан 50 теңге алатындығын айтты. «Осылайша, бүгінгі күні біздің қызметкерлеріміз айлығына 10 мың теңгеге дейін үстеме алуда», — деді ол.

Ал оның орынбасары Азат Машабаев өз кезегінде «Қазпошта» арқылы ақша аудару небәрі 1 минут  уақытты алатындығын және ол үшін 1,5 пайыз сыйақы ұсталатындығын атап өтті.


«Бұл қызмет түрі зор сұранысқа ие. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бері ғана бұл қызметті пайдалану көрсеткіші 50 пайызға өсті», — деді ол.