Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстанда бекіре тұқымдастар өсіретін жаңа зауыт салуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстанда бекіре тұқымдастар өсіретін жаңа зауыт салуды ұсынады

Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстанда бекіре тұқымдастар өсіретін жаңа зауыт салуды ұсынады

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстанда бекіре тұқымдастар өсіретін жаңа зауыт салуды ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 600
Фото - Caravan.kz

«Бекіре тұқымдас балық өсіретін жаңа зауыт құрылысы жөнінде биологиялық негіз әзірленетін болады. Оны пайдалануға берген жадайда тауарлық балық шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі — тауарлық бекіре тұқымдастар шаруашылығын дамытудың перспективасы пайда болады»,- деп хабарлады Қ. Сүлейменов.

Оның айтуынша, қуаттылығы жылына 15 — 20 млн дана шабақ шығаратын бекіре тұқымдастар өсіретін зауыттың құрылысы туралы ұсыныс 2007 жылы үкімет қарауына жіберілген. «Қазіргі уақытта премьер-министрдің кеңсе басшысының тапсырмасы бойынша бұл ұсыныс заңмен бекітілген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдарда пысықталуда»,- деді Қ. Сүлейменов.

Ол сондай-ақ, республикалық бюджетте үстіміздегі жылы аталмыш зауытты салатын алаңды таңдау бойынша биологиялық негіз әзірлеуге 4 млн теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылғандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті