Ауыр атлетика: Олимпиада чемпиондары Астанаға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетика: Олимпиада чемпиондары Астанаға келеді

Ауыр атлетика: Олимпиада чемпиондары Астанаға келеді

20-26 маусым аралығында ауыр атлетикадан Астанада өтетін Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалар толықтай белгілі болды.

  • 18 Маусым 2013
  • 582
Фото - Caravan.kz

Әр мемлекеттің туы астында өнер көрсететін спортшылардың тізіміне көз жүгіртсек, командалық есептегі бас жүлде үшін таластың өте тартысты өтетіні еш күмән туғызбайды. Бүгінгі таңда Қытай мен Қазақ­стан сары құрлықтың теңдессіз команда­­лары саналғанымен, Астанадағы додада олар екінші құрамда өнер көрсетуді құп кө­ріп отыр. Өйткені ауыр атлетика әлемін­де­гі көшбасшы қос мемлекет өздерінің не­гізгі күшін биылғы жылдың күзінде Польшада өтетін әлем чемпионатына жұмылдыруда. Есесіне, Солтүстік Корея Азия чемпионатына кіл мықтыларын әкелді. Солардың арасында Олимпиа­да ойындарының жеңімпаздары — Ом Юн Чол (56 келі), Ким Ун Гук (62 келі) және Рим Ен Сим (69 келі) сынды жұлдыз­дар бар. Осы үш спортшының орасан зор табысының арқасында аталмыш мем­лекеттің зілтеміршілері Лондондағы жарыстың жалпы есебінде үшінші орынға табан тіреген болатын. Есте­ріңізге сала кетейік, бұл салмақтарда Қазақ елі намысын Арли Чонтей, Фархад Харки және Анна Нұрмұ­хамбетова қорғайды. Әрине, ғаламдық додада алдына жан салмаған спорт­шылармен иық тіресу оңай болмайды. Алайда жерлестеріміз де осалдар са­натынан емес. Және де Қа­зақстан құрамасының осы жарысқа еш алаңсыз даярлануына Ауыр атлетика федерациясы, Спортты жекпе-жек және күш қолданыла­тын спорт түрлері конфедерациясы, Спорт және денешынықтыру істері агенттігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры барынша қолдау көрсеткенін ескере кеткен жөн.

Жоғарыдағы деректерге қарап, командалық есептің бас жүлдесінен Қытай оңайлықпен бас тартады деген ой туындамауы керек. Азия чемпио­наттарында олар бұл күнге дейін ешкімге есе жіберген емес. Тіптен басты қар­сы­ластарының жерінде өткен жарыс­тардың өзінде Аспанасты елі өрен­дерінің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Қытайлар қандай құрамда келсе де, олардың көздегені — алтын тұғыр.

Азиядағы алпауыттардың бірі — Иран құрамасының да әлеуеті өте зор. Бұл елде әйелдер ауыр атлетикамен айналыспайды. Сондықтан да олар жігіттерге сенім артады. Ал Парсы елінің ерлері өте мықты екенін майталман мамандардан бастап, қатардағы кө­рермендерге дейін біледі. Сол секілді Оңтүстік Корея мен Таиландтың да құрамында талай байрақты бәсекелер­де оза шапқан шебер зілтеміршілер жетерлік, деп жазады «Аламан».