Австралиядағы пойыз апатына қатысты жаңа ақпарат жария етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралиядағы пойыз апатына қатысты жаңа ақпарат жария етілді

Австралияның Квинсленд штатында шойын жолдан шығып кеткен жүк пойызында 900 мың литр көлемінде күкірт қышқылы болған. Мұндай мәліметті штат полициясы жария етті. Бұған дейін пойызға тиелген зиянды заттың мөлшері 200 мың литр деген ақпарат тараған болатын. Күкірт қышқылының 31,5 мың литрі топыраққа төгілген. Осыған байланысты жергілікті билік оқиға орнынан алыс жүруді ескертіп, улы зат төгілген аумақ 1 шақырым радиуста қоршауға алынды. Қазір ол маңда көліктер жүрмейді. Аймақты тазалау жұмыстары әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін.

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 621
Фото - Caravan.kz