Австралиялық дәрігерлер адам сенгісіз операция жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралиялық дәрігерлер адам сенгісіз операция жасады

Австралиялық дәрігерлер адам сенгісіз операция жасады

Австралиялық дәрігерлер адам сенгісіз операция жасап, айды аспаннан бір-ақ шығарды, деп хабарлады www.24.kz.

  • 9 Қазан 2015
  • 414
Фото - Caravan.kz


Олар жол апатына түсіп, бас сүйегі жарылған және мойын омыртқасы бір-бірінен ажырап кеткен баланың жанын сақтап қалған. Тәуекелге бел байлаған ақхалаттылар 6 сағат бойы операция жасап, науқастың омыртқасы мен бас сүйектерін қайта орнына келтіріп, арнайы құрсаумен бекіткен. Әдетте мұндай жарақат соңы сәбилердің көз жұмуына немесе мүгедек болып қалуына әкеліп соғатын еді. Алайда бұл жолы австралиялық дәрігерлер «сәби екі айдан кейін құлан таза айығып, қалыпты өмір сүре алады» деп үміттеніп отыр.