Жарияланды: 480

Әзербайжан манаты құнсызданды

Әзербайжан манаты құнсызданды

Әзербайжан Орталық банкі (ӘОБ) 2015 жылғы 21 желтоқсаннан бастап манаттың құбылмалы бағамына көшті.

Бұл туралы Әзербайжан Орталық банктің мәлімдемесінде айтылды.

Манатқа қатысты доллар бағамы 47, 63 пайызға (0,501 манат) артып, 1,5500 манатты құрады. 21 желтоқсанда әзербайжандық манатқа қатынасы бойынша АҚШ доллары мен еуроның ресми бағамы 1,5500 және 1,6850 манат деңгейінде белгіленді.

Еуро да 47,88 пайызға (0,5456 манат) қымбаттады және 1,6850 манатты құрады.

Ресей рублі де 47,3 пайызға (0,007 манат) қымбаттап, 0,0218 манатты құрады.

Мәлімдемеде жаһандық экономикадағы күрделі жағдайлар, жетекші орталық банктердің соңғы шешімдері, әлемдік энергия тасығыш нарықтардағы ұсыныстың артуы,   экономикасы күшті, жетекші мұнай тұтынушылар болып табылатын бірқатар дамушы елдердің экономикалық даму қарқынының бәсеңдеуі жайлы айтылады.

Сондай-ақ 2014 жылғы маусымнан бастап мұнай  бағасының үш есе түсуіне әкелген басқа да жаһандық факторлар көрсетілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін