Жарияланды: 500

Әзербайжан президенті Қазақстандағы елшісі және консулын кері шақыртты

Әзербайжан президенті Қазақстандағы елшісі және консулын кері шақыртты

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев сәрсенбі күні ӘР-ның бірқатар елдердегі 5 елшісі мен екі консулын кері шақырту туралы өкімге қол қойды, деп хабарланған Әзербайжан Президентінің ресми сайтында. 

И.Әлиев Әзербайжанның елшілерін: БАӘ-дегі елшісі - Эльхан Гахрамановты, Эстониядағы елшісі - Тофик Зульфугаровты, Қазақстандағы елшісі - Закир Гашимовты, Түрікменстан және Ауғанстандағы елшісі - Вахдат Султан-задені, Аргентина, Парагвай, Боливия және Уругвайдағы елшісі - Мамед Ахмедзадені кері шақыртты.

Сонымен қатар Әзербайжан Президенті Ақтау қаласындағы бас консул Рашад Мамедов пен Ыстамбұлдағы бас консул, Қаратеңіздік экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұрақты өкілі Гасан Зейналовты кері шақыртты. 
Тағы бір өкіммен Әзербайжанның БҰҰ Женева бөлімшесі жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілі Мурад Наджафбейли кері шақыртылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін