Әзербайжанда айырбастау пункттерінде валюта сатуға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда айырбастау пункттерінде валюта сатуға тыйым салды

Әзербайжанда айырбастау пункттерінде валюта сатуға тыйым салды

Әзербайжанның Орталық банкі айырбастау пункттерінде валюта сатуға тыйым салды. Жаңа ережеге сәйкес долларды тек банктер сата алады. Тек қана қонақ үйлер мен әуежайлардағы айырбастау пункттері жұмысын жалғастырады, деп хабарладыTrend.az агенттігі.

  • 14 Қаңтар 2016
  • 468
Фото - Caravan.kz

Әзербайжан Орталық банкі коммерциялық банктердің бас кеңселері мен бөлімшелерінен тыс жерлерде шетелдік валюта айырбастау бойынша операцияларға тыйым салынғанын мәлім етті.

Орталық банк шешіміне сәйкес айырбастау пункттері туристер көп шоғырланған жерлерде, соның ішінде қонақ үйлер мен әуежайларда ғана қызметін жүзеге асырады.

2015 жылы 21 желтоқсанда Әзербайжан Орталық банкінің шешімімен ұлттық валюта — манат еркін бағамға жіберілген болатын. 14 қаңтардағы бағамға қарасақ, бір доллар — 1,5706 әзербайжан манатына тең. Бұл елдегі регулятордың бекіткен бағамы.