Әзербайжан-түркімен үкіметаралық комиссиясының алғашқы отырысы 17-қаңтарда Ашхабадта болуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан-түркімен үкіметаралық комиссиясының алғашқы отырысы 17-қаңтарда Ашхабадта болуы тиіс

Әзербайжан-түркімен үкіметаралық комиссиясының алғашқы отырысы 17-қаңтарда Ашхабадта болуы тиіс

Баку. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық бойынша әзербайжан-түркімен үкіметаралық комиссиясының алғашқы отырысы 17-қаңтарда Ашхабадта өтеді, деп мәлімдеді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Отырыс барысында экономика, банк секторы, энергетика, сауда айналымының өсімі, гуманитарлық жобалар мен өзге де мәселелер талқыланатын болады», — деп атап көрсетті Сыртқы істер министрлігіндегілер.

Әзербайжан делегациясын комиссияның тең төрағасы болып табылатын Әзербайжанның бірінші вице-премьері Я. Эйюбов басқарады. Ал қарсы тарапты Түркіменстанның премьер-министрінің орынбасары Х. Сапаралиев басқармақ.

Отырыс қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылады

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті