Жарияланды: 210

Әзірбайжандағы мұнай платформасының жарылысынан кейін Каспийдегі бақылау күшейтілді

Қазақстан шұғыл Каспийдегі бақылауды күшейтті. Елімізге тиесілі кемелер күні-түні Әзербайжанның «Гюнешли» мұнай платформасындағы жарылыс болған аймақты күзетіп жүр.

Осылайша, отандық шекарашылар оқыс оқиға кезінде із-түссіз жоғалып кеткендерді іздестіру шараларына көмектесуде. Каспийде өткен жұмадағы дүлей дауылдың кесірінен газ құбыры жарылып, Әзербайжанның «Гюнешли» мұнай платформасында өрт шыққан болатын. Салдарынан бір адам көз жұмып, 32-сі құтқарылды. Тағы 30 мұнайшы жоғалып кеткен. Сондай-ақ теңіздегі толқын 10 метрге дейін көтеріліп, 28 мұнай ұңғымасы істен шығыпты. Жантүршігерлік апатқа байланысты Әзербайжанда қаралы күн  жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаев та әріптесі Ильхам Әлиевке жеделхат жолдап, қаза болғандарға көңіл айтты. Ал Каспийдегі ауа-райы қазір де құбылып тұр. Біздің теңізшілер сол кедергіге қарамастан апат аумағында іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.     

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін