Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 7 алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 7 алтын медаль жеңіп алды

Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 7 алтын медаль жеңіп алды

Шымкент қаласында 21 сәуірде мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы (1997-1998 жылы туылғандар) Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға тұрақтады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

  • 22 Сәуiр 2013
  • 408
Фото - Caravan.kz

Федерацияның хабарлауынша, бұл 2004 жылдан бері аталмыш жас санатында ұйымдастырылып отырған алғашқы біріншілік. Сондай-ақ, осындай дәрежедегі турнирді тұңғыш рет Қазақстанның облыс орталығы өткізіп отыр.

Қазақстандық 13 спортшының 10-ы финалға шығып, олардың 7-еуі алтын медальге ие болды. Біздің құраманың негізгі қарсыластары Өзбекстан мен Тәжікстан құрамалары болды. Жарысқа Азияның 13 елінен 98 боксшы қатысты.