Азия теннис федерациясының вице-президенті тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия теннис федерациясының вице-президенті тағайындалды

Азия теннис федерациясының вице-президенті тағайындалды

28-30 тамыз күндері Теһранда Азия теннис федерациясының есеп беру, сайлау конференциясы өтті, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 1 Қазан 2013
  • 312
Фото - Caravan.kz

Алқалы жиынның күн тәртібіне АТФ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау мәселесі қойылып, Қазақстан тарабынан аталған кеңес мүшелігіне ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бөрлібаев кезекті мәрте кіріп отыр. Сонымен қатар ол Азия теннис федерациясының даму және жасөпірімдер теннисі жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Айта кетерлігі, аталған лауазымға Қазақстан өкілі алғаш рет тағайындалып отыр.