Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қарағанды облысындағы қамбаны сотқа беріп жатыр
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Қарағанды облысындағы мемлекеттік бидай қорын сақтайтын қойманы сотқа беріп жатыр. Айуларынша, көктемде болған су тасқынынан астықтың шіруіне қамбадағылар кінәлі екен. Алайда сақтандыру компаниясы мұны табиғат апаты деп танып, шығындарының 80 пайызын өтеп берген көрінеді. Соған қарамастан корпорация шығынның қалған 20 пайызын талап етіп, тіпті оларды мемлекетке қызмет көрсететін кәсіпорындар |
Белуардан су кіргенде қамбалардағы 9 мың тоннаға жуық астықты аман алып қалу үшін кәсіпорындағы 80 адам күн-түн демей тер төккен. Соның өзінде 3 мың тонна бидай мен зығыр жарамсыз боп қалыпты. Оның 2 жарым мың тоннасы сақтауға өткізген диқандардың астығы. Қойма оларға келген 100 миллион теңгеден аса шығынды өз мойнына алған. Ал қалған 500 тоннаға жуық астық мемлекет меншігі болғасын оның 80 пайыздық шығынын сақтандыру компаниясы өтепті. Алайда азық-түлік келісім-шарт корпорациясы қалған 20 пайызды қайтар деп, бұларға шүйлігіп отыр.
Виктор Берент, элеватор директоры:
- Келісім бойынша кінәміз дәлелденсе, астықтың иесі бізден өндіріп ала алады. Ал президент, үкімет өзі көріп отырған табиғат апатына біздің не кінәміз бар?
Жарамсыз боп қалған мыңдаған тонна астық қазір қамбаның маңына үйілген.
- Аталған элеватордың 30 мың тоннаға жуық астықты қабылдап, өңдеуге қауқары бар. Мұнда егінді саналатын Бұқар жырау және Осакаров аудандарының диқандары өз астықтарын әкеп өткізеді. Егер Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының дегені іске асса, мемлекеттік бидай қорын сақтайтын саусақпен санарлық кәсіорындардың бірінің тірлігі құрдымға кететін түрі бар.
Виктор Берент, элеватор директоры:
- Корпорацияның әрекеті - аяқтан шалу. Ал Бұқар жырау , Осакаровка аудандарының диқандарына қиын болады. Өйткені мынау осы аудандағы жалғыз астық қабылдау қоймасы.
Диқандар астықтарын күншілік жерге апарғанның өзінде оларды құшақ жая қарсы алайын деп тұрған ешкім жоқ. Өйткені облыста бұдан өзге 4-ақ қойма жұмыс істейді. Оның бірі сонау Жезқазған маңында. Алайда корпорация өкілдерінің оны ойлап бас қатырып жатқаны шамалы. Сұхбаттан үзілді-кесілді бас тартқан олар, қамбаны астық қабылдау мүмкіндігінен айыруға нық бекінген. Қолдан жасалмаған апат болса да, қарызды қайтар деп сотқа арыз түсіріп, тіпті қабылдау қоймасынан 4 миллион теңге айыппұл талап етіп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін