«Б» корпусының қызметкерлері бір орында 6 жылдан артық отырмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Б» корпусының қызметкерлері бір орында 6 жылдан артық отырмайды

«Б» корпусының қызметкерлері бір орында 6 жылдан артық отырмайды

Енді «Б» басқарушы корпусының мемлекеттік қызметкерлері бір орында алты жылдан артық отырмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов мәлім етті.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Б» корпусының басқару деңгейі үшін ротация институты енгізілуде. Егер де бұрындары ротация «А» басқарушы корпусына ғана қатысты болса, енді бұл элементтер «Б» басқарушы корпусы үшін жаңа модельге енгізілді»,-деді жауапты хатшы.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлер үшін ротация үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Егер де басшы немесе мемлекеттік қызметкер лауазымында жұмысын жалғастырғысы келсе, онда бұл мерзім тағы үш жылға ұзартылады. Екінші мерзім аяқталғаннан кейін, ол міндетті ротацияға жатқызылады немесе басқа қызметке қызметке ауыстырылады, сондай-ақ олай болмаған жағдайда жұмысынан босатылады.

Сонымен қатар С. Ахметжанов әлеуметтік қорғау шаралары да ескерілетінін атап өтті.


«Дәлелді себептер бойынша мемлекеттік қызметкерлердің (жалғыз басты ана, қарауында мүгедек балалары бар ата-аналар) өтініші ескеріледі және олар ротациямен қамтылмайды»,-деді ол.