Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын қызметтердің тізбесі бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын қызметтердің тізбесі бекітілді

Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын қызметтердің тізбесі бекітілді

ҚР Үкіметінің  Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау,

  • 1 Қазан 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы қаулысына толықтыру енгізілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №77

2015 жылғы 11 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі

«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
«


6.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
бірыңғай байланыс орталығы

141488000807777

».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі       К.МӘСІМОВ.