Жарияланды: 860

Байқоңырда атыс кезінде бір адам қайтыс ­болды

Байқоңырда атыс кезінде бір адам қайтыс ­болды

Ресейлік құқық қорғау орындары Байқоңыр қаласында оқ атып, бір адамның өліміне себепші болған қос күдіктіні іздестіріп жатыр.

Оқиға барысында тағы үш адам жарақат алған, деп хабарлайды РФ Тергеу комитеті.
Тергеу комитеті таратқан хабарламаға сүйенсек, оқиға өткен сенбіге қараған түні болған. Қару асынған қос ер адам Максимов пен Титов көшелерінің қиылысындағы үйдің ауласында отырған бір топ жасқа оқ атқан.
Салдарынан ауыр жарақат алған 1999 жылғы жас жігіт ауруханаға барар жолда қайтыс болды. 1991, 1992, 1997 жылы туған үш азамат ауыр халде ауруханаға түсті. Оның екеуі әлі есін жиған жоқ, делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп жатыр

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін