Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық басталды

Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық басталды

Байқоңыр. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық басталды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 434
Фото - Caravan.kz

М.Хруничев атындағы орталық мамандары №92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусында Норвегияның «Тор-2Р» телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышына электр сынақтарын жүргізуде.

Бүгін ғарыштық аппаратты геостационар орбитаға шығаруға арналған «Бриз-М» үдеткіш блогына жанармай құюға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. «Бриз-М» үдеткіш блогына жанармай құю жұмыстары 24 қаңтарға межеленген және ол екі күнге созылады.

Кеше жанармай құю станциясында «Тор-2Р» телекоммуникациялық жер серігіне отын компоненттерін құю жұмыстары жүргізілді. Бұдан кейін жер серігі ғарыштық бас бөліктің құрамында «Бриз-М» үдеткіш блогымен түйістіру үшін монтаж-сынақ корпусына жеткізілді.

Салмағы 2450 килограмм болатын «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. Жер серігі Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған.

«Тор-2Р» ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жалғастырады. Telenor жер серіктерінің тобы екі ғарыштық аппараттан тұрады.

«Тор-2Р» ғарыштық аппараты Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті