Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Дайындық кестесіне сәйкес, "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары корабльдің радиожүйесін тексеруге қатысты қорытынды операция мен күн батареяларының бақылау тексеруін жүргізді.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Прогресс М-62» жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Келесі аптада «Прогресс М-62» жүк кораблінің қозғалтқышын жанармаймен және сұйытылған газбен толтыру үшін жанармай құю станциясына жөнелтіледі.

Ғарыш кемесі экипаждарға арналған азық-түлік, су, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұру үшін жанармай, шығындалатын жүктер мен ғылыми құрылғылар жеткізуге тиіс.

«Прогресс М-62» жүк транспорттық кемесін «Союз-У» зымыран тасымалдағышымен ұшыру 2007 жылдың 23-желтоқсанында астана уақыты бойынша 13.23 межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті