Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары бастапқы кестеден алда келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары бастапқы кестеден алда келеді

Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары бастапқы кестеден алда келеді

Байқоңыр. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары бастапқы кестеден екі тәулікке алда келеді деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

Байқоңырдан «Прогресс М-63» жүк кораблін ұшыру NASA өтінішімен ақпанның 7-сінен 5-не ауыстырылғандығына байланысты жүк кораблі мен зымыран тысығышын ұшырылымға дайындау кестесіне өзгертулер енгізілген. Ұшырылым алдындағы қажетті дайындық жұмыстарын екі тәулікке бұрын аяқтау үшін технологиялық операциялар жүргізу кестесі тығыздалған.

Ғарыш айлағының № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусының мамандары «Прогресс М-63» жүк кораблін ұшыруға дайындауда. Кораблде күн батареяларына тексеру жүргізіліп жатыр.

Тексеру жүргізіліп болғаннан кейін «Прогресс М-63» жүк кораблін оның қозғалтқыштарына отын мен тығыздалған газ құюға жіберіледі.

Сонымен қатар № 112 алаңның монтаждау-сынақ корпусында «Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

«Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен «Прогресс М-63» жүк кемесі ұшырылуы 5-ақпан Астана уақытымен 19.03-ке межеленген.

«Прогресс М-63» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми құрал-жабдықтар мен жанармай жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті