Ғарыш айлағының мамандары келесі жылы көзделген кезекті ұшырылымға дайындалу үстінде. 92 — 50 алаңының монтаждау-сынақ корпусында М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының зымыран-ғарыш техникаларын пайдалану жөніндегі зауытының мамандары «Тор-2Р» норвег телекоммуникациялық спутнигін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышын жинауға қатысты жұмыстарды бастап кетті.
«Тор-2Р» ғарыш аппаратын ғарыш айлағына 2008 жылдың қаңтарында жеткізу жоспарланған. Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышын «Тор-2Р» ғарыш аппаратымен бірге ұшыру 2008 жылдың ақпан айына межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті