Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде
Байқоңыр. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. |
Кеше ұшырылым кестесінің бірінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталды.
Бүгін ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, "Протон-М" зымыран тасығышының ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалады.
Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.
Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Жылдың аяғына дейін алты "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін