Байқоңырда "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық одан әрі жалғасуда

Байқоңырда "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының алдағы ұшырылымы «Жер үсті ұшырылымы» деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады.

«Sea Launch» («Теңіздегі ұшырылым») бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын «Зенит-3SL» зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының бірінші ұшырылымын 2008 жылдың наурыз айында ұшыру межеленген.

№42 алаңның монтаж-сынақ корпусында Ресейдің ауыр машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы, «Вымпел» тәжірибелік конструкторлық бюросы, «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығы, Украинаның «Южное» МКБ және «Южмашзавод» мамандары»Зенит-3SLB» зымыран тасығышы жүйелерінің кешенді сынақтарын аяқтады.

Дайындықтардың кестесіне сәйкес, «Зенит-3SLB» зымыран тасығышын №45 алаңның ұшырылым кешеніне кешенді сынақтар үшін жіберіледі, бұдан кейін зымыран ұшырылымға дайындау үшін монтаж-сынақ кешеніне жіберіледі.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті