Жарияланды: 220

«Бәйтерек» желтоқсанның соңына дейін жеті мың пәтерді жалға бермек

«Бәйтерек» желтоқсанның соңына дейін жеті мың пәтерді жалға бермек. Бүгін Ақордаға келіп президентке есеп берген ұлттық холдинг төрағасы Қуандық Бишімбаев осындай жаңалығымен бөлісті.

Қуандық Бишімбаев, Бәйтерек холдингінің төрағасы:

- «Бәйтерек» холдингі арқылы 377 млрд.теңге экономикаға құйылды. 300 мыңнан астам шаршы метр пәтер берілді, жылдың соңына дейін 400 жетеді. Және 29  мың жаңа жұмыс орны 2015 жылы ашылды. 

Бишімбаев басқаратын «Бәйтеректі» жуырда ғана Елбасы сынап, тіпті жабу керек деген болатын. Холдинг осы күнге дейін мемлекет активтерін тиімсіз басқарып келген. Алайда, төрағаның бүгінгі баяндамасы оптимизмге толы.  Айтуынша, биыл 320 миллиард теңгеге химия, өндіріс және мұнай өңдеу, металлургия, тамақ өнеркәсібі саласындағы 13 индустриялық жобаны қаржыландырыпты. Дегенмен Елбасы Бишімбаевқа шетелден инвестиция тартуды және мемлекеттік бағдарламаларға барынша кәсіпкерлерді араластыруды нықтап тапсырды. Бүгін Ақордаға Павлодар облысының әкімі де шақыртылды. Қанат Бозымбаев индустрияландыру картасын қарқынды жүзеге асырып жатырмын деп отыр. Бесжылдықта құны 1 триллионнан теңгеден асатын 24 жобаны іске қосып, 6 мың жұмыс орнын ашпақшы екен. Ал, жылдың аяғына дейін мұнай коксын қыздыру және агрохимиялық өнім өндіретін екі зауыт ашылады деп уәде берді әкім. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін