«Мен, Қырғызстанның президенті ретінде бұл бастаманы қолдаймын»,- деп мәлім етті Қ. Бакиев. «Егер Орталық Азия елдері экономикалық байланыстар мен саяси қауіпсіздікті тереңдетуге мүмкіндік беретін мұндай одақ құратын болса, онда бұдан біздің халқымыз тек ұтады, деп ойлаймын»,- деп атап өтті Қ. Бакиев.
Ол аталмыш одақты құруға Орта Азияның басқа елдерінің басшыларының келісімін күтпеуге және Қазақстан мен Қырғызстанның бірігуін бастауға шақырды. «Бізге басқа төрт елдің «пісіп-қатуын» күтудің қажеті жоқ»,- деді Қ. Бакиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті