Жарияланды: 900

Балалардың дұрыс тамақтануы мәселесін тиісті деңгейде көтерген жөн

Балалардың дұрыс тамақтануы мәселесін тиісті деңгейде көтерген жөн

Балалар семіздігіне жол бермес үшін ата-аналар фастфудтер жүйесінен бас тартуға назар аудару  тиіс. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында белгілі хирург, профессор Орал Оспанов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, семіздік салдарынан қант диабеті, жүрек-қантамыр аурулары мен өзге де қауіпті ілеспе дерттер туындайды. Сондықтан да еңбек қабілеттілігі мен денсаулығын жоғалтқан көптеген адамдар үшін хирургиялық жолмен емдеу тиімдірек болады.

«Алайда, көп жағдайларда салауатты өмір салтын насихаттау шаралары тиімсіз жүргізіледі. Сондықтан дұрыс тамақтанудың мән-жайын адамға жастайынан түсіндірген маңызды. Бүгінде көптеген елдерде секілді бізде де адамдардың көбісінде артық салмақ пен семіздіктің белгілері бар», - деді хирург.

Оның пайымынша, салауатты өмір салтын балабақшадан бастап түсіндіріп, балалардың дұрыс тамақтануына назар аудару қажет. Бұл тұрғыда жеткіншектердің оқытушылары мен тәрбиешілер де осы бағытта білімдерін жетілдіруі керек.

 «Біз күнделікті өмірде жұмыстың қарбалас болғандығынан, дұрыс тамақтануға уақыт бөлуге мән бермейміз. Ересектерге қарағанда балалар арасындағы семіздіктің қарқыны жылдамырақ. Бұл өте үлкен проблема және осы мәселе тиісті деңгейде көтеріліп жүрген жоқ. Менің ойымша, балалық шақтан бастап тамақтану мәдениетін өзгерту керек. Ата-аналары фастфудтер жүйесінен бас тартуға назар аударуды ескеруі тиіс. Әрине, сонымен қатар осы бағытта біздегі педагогтардың де тиісті даярлығы болғаны жөн», - деді О. Оспанов. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін