“Балаң әйелде қалса, неге алимент төлейміз?”: Қазақстандық жігіт заңға өкпесін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Балаң әйелде қалса, неге алимент төлейміз?”: Қазақстандық жігіт заңға өкпесін айтты

“Балаң әйелде қалса, неге алимент төлейміз?”: Қазақстандық жігіт заңға өкпесін айтты

Қазақстандық жігіт заңға өкпесін айтты. Ер азаматтың айтуы бойынша алиментті балаға емес бөтен еркекпен тұратын әйелге береді екен мыс.

  • 23 Сәуiр
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жігіт былай дейді:

«ҚР заңнамасына өзгеріс енгізу керек. Менің ажырасқан достарым бар. Бала-шағасы әйелінде, сен оған алимент төлейсің. Ол басқа еркекпен тұрады. Баланы бізге берсе алимент төлеуге болады. Ол басқа еркекпен жатыр, ал сен болсаң алимент төлейсің. Өзге еркекпен тұратын әйелге біз неге төлеуім керек? Баланы қаласаң, өзің тәрбиеле дегендей ғой. Түрлі әйелдерді білемін 3 баламен қаңғып, бөтен еркектермен жатады. 3 баламен бұрынғы күйеуінен алимент алады. Мүмкін уақыт өте 5-6 айдан кейін өзі түсініп, хабарласуы мүмкін».

Осыған байланысты тіл маманы Назгүл Қожабек жеке өміріндегі тәжірбиесімен бөлісті.

«2018 жылы менің бұрынғы байым кейінгі әйелімен өтірік ажырасып, менің алиментімді азайтудың амалын жасады. Соттастық, сот оның арызын қайтарып жіберді, бірақ ол мені бәрібір лох қылып, алдап соғып өзіме бас тарттым деген қағаз жаздырып алды. Нотариус бекітпей қойды ол қағазды, бірақ бәрібір сот орындаушыларына кетіп қалған екен, амал қыла алмадым.

Жарайды, әңгіме басқада.

Бір күні өзіне хат жаздым.

«Осылай да осылай, ажырасқан екенсің, басың бос екен. Қайтып келіп менімен бірге тұр демеймін. Менің орныма балалардың қасында тұр деймін. Сенен ештеңе сұрамаймын. Басымда үйім бар, астымда көлігім бар. Бәрін саған тастаймын да, өзім кетемін. Осы уақытқа дейін сенен қанша алимент алып отырсам, саған сонша төлеп отырамын. Балаларды жалғыз баққаныма сегіз жыл болды. Енді сен бір 7-8 жыл отыршы, ол арада балалар да ержетіп қалады. Мен амалын тауып бас құрайын, оқуымды жалғастырайын, қызмет жасайын. Ақыры аяғың тұсаулы емес екен, маған да еркіндік бер . Менің орныма балаларыңа әке де, шеше де бола тұр. Сабағына тасы, тамағын істе, кірін жу, сабағын қарас, дайындығын қадағала, емханасына апарып, денсаулығын қара, мысығын бақ, үйді ұста, анау-мынау шаруасын жөнде, сөйлес, ойна, тәрбиеле, ақылыңды айт. Жалпы, мен осы уақытқа дейін істеп келген нәрсенің бәрін істе. Бала екеуімізге тең ғой, ортақ қой, жартысын мен көтердім, енді жартысын сен көтер» дедім.

Өзімше қайтер екен, не дер екен дегенім ғой, әйтпесе түк те ажыраспағанын, онысы тек алимент азайтып алу үшін, сот алдында сөзі шынайы шықсын деп өтірік істеген нәрсе екенін білемін ғой.

Хатыма жауап келген жоқ, Бірақ сол жауапсыздықтың ар жағында «ЕСІҢ ДҰРЫС ПА, КЕТНАҚ» дегенді анық көрдім.

Алимент даулағыштар-ау, шындағанда бала ата-анасының қайсысында қалса да, оның ақшалай шығыны ғана емес, балаға жұмсалатын уақыт шығыны да тең бөлінуге тиіс. Айталық, бір күн сабаққа шешесі апарып-әкелсе, бір күн әкесі апарып-әкелуі керек. Олай істемейсің бе, балаңды бағуға деп берген азын-аулақ тиын-тегешті даулап жыламаңдар. Жарықтық апамның бір жақсы сөзі бар еді: «жоқ десең — жоғаласың». Зарлай берген адамға Алла тағаланың берер несібесі де аз болмақ. Аузынан жырып баласына беретін саналы адам деген атқа кір келтірмеңдер», — деп жазды тіл маманы.