Балқашта джип автокөлігі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқашта джип автокөлігі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Балқашта джип автокөлігі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Балқаш қаласында джип автокөлігі 14 жастағы баланы қағып, жарақаттады, - деп хабарлайды 24.kz.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Зардап шеккен мектеп оқушысы қазір ауруханада жатыр. Мектеп маңында болған жол-көлік оқиғасы бейнебақылау камерасына жазылған. Жол сақшылары 52 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын дереу ұстады. Көлік жүргізушісінен алынған сараптама қорытындысы бойынша, ол жол көлік оқиғасы кезінде жеңіл түрде ішімдік ішкендігі анықталып отыр. Жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылып, тергеу амалдары жалғасуда.

Бақытжан Құдияров, облыстық ІІД басқарма басшысы:


— Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті барлық сараптамалар тағайындалды. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің алған дене жарақаттарының ауырлығы анықталғаннан кейін, аталған қылмыстық іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ ішімдік ішкен күйде көлікті басқарғаны үшін жүргізушінің де жауапкершілік мәселесі қаралады.