«Бастапқыда біз тәулігіне 3 мың тонна жез құрамдас шлак шығаратын байыту фабрикасын салмақпыз, содан кейін балқытуға арналған пеш цехының құрылысына кірісеміз», — деп Қ.Дұрманов Қарағандыда Қазақстанды ілгерілемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында атап көрсетті.
Оның айтуынша, бірінші кезеңді жүзеге асыруға компанияның өз қаражаты жұмсалады, бұған шамамен 1 млрд 460 млн теңге қажет, құрылыстың екінші кезеңі 4 млрд 380 млн теңге заемдық қаржы есебінен жүзеге асырылмақ.
Зауытты іске қосу құрылыстың бірінші кезеңін жүзеге асырғаннан кейін 2012 жылдың соңына белгіленген. Екінші кезеңді 2013 жылдың орта шенінде аяқтау жоспарланған.
Техникалық-экономикалық негіздеме жақында әзірленіп бітпек.