«Барыс» тағы да ҚХЛ-дың көш басына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» тағы да ҚХЛ-дың көш басына шықты

«Барыс» тағы да ҚХЛ-дың көш басына шықты

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Адмирал» (Владивосток) командасын жеңді.

  • 21 Қазан 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл матчта «Барыстың» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Алғашқы кезеңнің жетінші минутында команда капитаны Дмитрий Уппер қарсыластың қақпашысын қапы қалдырды. Есеп — 1:0. Екінші кезеңде таразы басы теңесті. Бірақ, көп ұзамай, «Барыс» қайтадан алға шықты. Ал үшінші кезеңде Д.Уппер дубль жасап, есеп айырмасын 3:1-ге дейін жеткізді. Ойынның соңында «Адмирал» қақпашыны алып тастап, бір хоккейшіге артық құрамда да ойнап көрді. Дегенмен, шайба сала алмады. Қорытынды есеп — 3:1.


Осылайша, «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, жалпы турнирлік кестеде қайтадан бірінші орынға шықты. Команданың еншісінде 43 ұпай бар. Ол «СКА» (Санкт-Петербор), «Динамо» (Мәскеу), «Ақ Барс» (Татарстан) және «Салават Юлаевты» (Башқортстан) артқа тастап отыр.