Бас мүфти Астанада ауызашар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти Астанада ауызашар берді

Бас мүфти Астанада ауызашар берді

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан дастархан жайылып, 400-ден астам жанға ауызашар берілді, деп хабарлайды muslim.kz.

  • 4 Шiлде 2016
  • 492
Фото - Caravan.kz

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жайылған ақ дастархан басына Елордамыздағы зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, мұсылман мемлекеттерінің елшілері, ақын-жазушылар мен белгілі журналисттер, Қарттар үйі мен балалар үйінен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.+

Ақшам уақыты кіргенін сүйіншілеген азан дауысымен басталған берекелі кештің шымылдығы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының батасымен ашылды. Қасиетті Рамазан айының қадірін насихаттаған берекелі кеш барысында қазақы өнерімізге де кезек беріліп, хакім Абай мен Майлықожа жыраудың термелері төгілді. Мейрамхана ішіне арнайы қойылған LED экрандардан ҚМДБ-на қарасты «Хикмет» телерадиостудиясы әзірлеген Рамазан айы жайындағы бейнероликтер көрсетіліп, қонақтардың бұл кештен рухани азықтанып қайтуына да септігін тигізді. Берекелі дастархан басында бас қосқан жамағат алдында сөз алған белгілі жазушы Төлен Әбдік пен Мысыр елінің елшісі Хайсам Салах Камел Ибрахим мырзалар Діни басқарма тарапынан атқарылып жұмыстар жайында өз пікірлерін білдіріп, Ержан қажы Малғажыұлына ізгі тілектерін жеткізді. Қасиетті Құран аяттары оқылып, қария батасымен қайырылған ауызашар дастарханы шақырылған қонақтардың шынайы алғысымен аяқталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!


Соңғы жаңалықтар