Жарияланды: 590

Бас мүфти Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бас мүфти Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшысы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздегі барша мұсылмандарды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

ҚМДБ ресми сайтында жарияланған құттықтау: «Сіздерді мұсылман қауымның ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!» деп басталады.
«Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге үндейтін ұлық мереке. Бұл күндері барша мұсылман ізгі амалымен Алланың разылығына бөленеді. Айт күндері қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан мұсылман үмбеті Жаратушыға жалбарына дұға жасап, құрбандық шалады.
Мүбәрак мейрамның құрметі үшін барша жамағатты, азаматтарды мүгедектер, жетімдер мен жесірлер, әсіресе қараусыз қалған ата-аналарға қайырымдылық жасауға шақырамын», - деді бас мүфти.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін