Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

  • 5 Маусым 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Баршаңызды күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі — ораза айтпен құттықтаймын. Әр отбасына бақ пен береке, бірлік пен игілік тілеймін. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақымызды, барша игі ималымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! «Айт» сөзі — «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағыналарды білдіреді. Алла Тағала барша отбасына берекетін жаудырып, қасиетті рамазан айында ыждаһаттылықпен ауыз бекіткен жамағаттың қуанышын арттырғай!», — делінген Бас мүфтидің құттықтауында.

Сондай-ақ, Серікбай қажы Ораз Ораза жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу — ол да сауапты амалдың бірі екендігін атап айтты.


«Ораза айт — отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, кішкентай бүлдіршіндерге, ағайын-туыстарға сыйлық үлестіріп, оларды қуанышқа бөлеу — мерекенің сәнін арттыра түсетін игі іс. Жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу — ол да сауапты амалдың бірі», — деді Бас мүфти.

Соңғы жаңалықтар