Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Биыл Бас санитардың қаулысына сәйкес, жамағаттың мешітке келіп, намаз оқуға рұқсат етілген

  • 13 Мамыр 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айлардың төресі – Рамазанның аяқталып, Ораза айттың келуімен барша қауымды құттықтады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Биыл мұсылманның 5 парызының бірі — ораза ұстау 12 сәуір мен 13 мамыр аралығына түскен. Ертең таң сәріден елдің барлық аймағында айт намазы оқылады. Биыл Бас санитардың қаулысына сәйкес, жамағаттың мешітке келіп, намаз оқуға рұқсат етілген. Бірақ қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы үшін іште емес, барлық рәсім сыртта жасалуы тиіс. Қазақстан мұсылмандар діни басқарамасының мынадай талаптардың да сақтауға кеңес беруде. Яғни, міндетті маска тағуға, кәмілет жасына толмаған баланы намазға алып келмеуге, мешітке келген азаматтар бір-бірімен қол алысып амандаспауға, ең бастысы – жұрт намаздан кейін бірден үйлеріне тарқауы шарт.


 

Соңғы жаңалықтар