Бас мүфти жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Бас мүфти жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

 

  • 8 Маусым 2016
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды, — деп хабарлайды Caravan.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

Бас мүфтидің іс сапар барысында "Нұр Ғасыр" мешітінде Ақтөбе облысындағы имамдар, теологтар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, діни ахуал мәселелеріне арналған жиын өткізгені айтылады. Жиынға "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты.

Шара барысында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халықты сабырға шақыра келе Діни басқарманың Ақтөбе өңірінде болған лаңкестік әрекетті айыптайтындығын жеткізді.

"Пайғамбарымыз Мәдина қаласына қоныс аударған кезде мәдиналық еврей халқымен ортақ келісіммен өмір сүрді. Сондай-ақ, қасиетті Құранда нақақтан-нақақ бір адамды өлтірген адам мәңгілік тозақта қалады делінген. Ал, осындай мұсылмандық ұстанымдарды аяққа таптап, ел ішінде бүлік салушылардың әрекеті нағыз қылмыс. Өйткені, Ислам діні адамдарды бейбітшілікке, төзімділікке, мейірімділікке үндейді. Осы тұста имамдар теріс ағымның алдын алу мақсатында жүйелі іс-шараларды жүргізуі қажет", — деді Ержан қажы Малғажыұлы.



© ҚМБД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Бас мүфти облыстағы бас имамдармен аймақтағы діни ахуалды талқылап, бірқатар тапсырмалар берді.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.
 

Соңғы жаңалықтар