Бас прокуратура "Арселор Миттал Теміртау" АҚ шахтасында еңбек туралы заңы мен техникалық қауіпсіздігінің орындалуын және пайдалануын тексере бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура "Арселор Миттал Теміртау" АҚ шахтасында еңбек туралы заңы мен техникалық қауіпсіздігінің орындалуын және пайдалануын тексере бастайды

Бас прокуратура "Арселор Миттал Теміртау" АҚ шахтасында еңбек туралы заңы мен техникалық қауіпсіздігінің орындалуын және пайдалануын тексере бастайды

Қарағанды. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Бас прокуратурасы бүгіннен бастап "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаменті шахталарында еңбек туралы заңының орындалуын және техникалық қауіпсіздігінің сақталуын тексере бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 587
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның ақпараты бойынша, тексеру жұмыстарын Бас прокуратурасының бөлім бастығы Талгат Әлібаев басқаруда.

«Абай» шахтасындағы апаттың себептерін анықтауға кіріскен шұғыл-тергеу тобын кешеден бастап ҚР Бас прокурорының көмекшісі Жасарал Жұмаш басқаруда.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Абай» шахтасында 11 қаңтарда метан жарылып, соның салдарынан 30 кенші қаза болды. Ал 14 шахтер бүгінгі кезде «Абай» ауылы мен Қарағандының облыстық орталығындағы ауруханаларында жатыр.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен, 11 қаңтарда үкіметтік комиссия және «Абай» шахтасындағы жарылыстың себептерін анықтайтын комиссия құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті