Бас прокуратура қылмыс азайғанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура қылмыс азайғанын мәлімдеді

Бас прокуратура қылмыс азайғанын мәлімдеді

 

  • 14 Қыркүйек 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2 пайызға (116 101 — 98 454) төмендеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл деректің ішінде 4,1 пайызға (1 693 — 1 624) аса ауыр қылмыстар; 16,5 пайызға (31 128 — 25 990) ауыр қылмыстар; 17,9 пайызға (49 762 — 40 857) ауырлығы орташа қылмыстар; 9,8 пайызға (17 514 — 15 793) қатты ауыр емес қылмыстар төмендеген.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан. Ал 671 адамды прокурорлар қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатты.


"Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14 пайызға қысқарды. 9 адам прокурорлар актісімен ақталды", — делінген хабарламада.