«Жаһандық нарыққа шығу жолдарының болуы жақында елдің бәсекеге қабілеттілік пен өсімге қол жеткізу, инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру және кедейлік көрсеткішін төмендетудің негізгі факторына айналады», — деп атап өтті Әлемдік банктің кедейлікпен күрес және экономикалық басқару жөніндегі вице-президенті Дэнни Лейпцигер. «Нарыққа шығу жолдары жоқ елдер үшін жаһандық кеңістікке ену құны қымбат қана емес, сондай-ақ, өсуін тоқтатар емес», — деді вице-президент.
Әлемдік банктің зерттеуі халықаралық жүк тасымалдаушылар мен экспресс жүк тасымалдаушыларға жүргізілген сауалнамаға негізделген. Құрамдас бөліктерінің бірі логистика тиімділігінің индексі (ЛТИ) болып табылатын зерттеуге сәйкес, теңізге шығар жолы жоқ ел басқа елдерден логистика тұрғысынан қарағанда артықшылығы төмен. Олар тек үлкен көліктік шығындарға және тасымалдау кезінде кешігуге алып келетін географиялық орналасулары жағынан ғана емес, логистика қызметінің бәсекеге қабілетті нарығына ену шектеулілігінен және басқа да транзиттік елдердің тасымал жұмысының тиімділігіне тәуелділігінен жапа шегіп отыр.
«Дүниежүзіндегі ірі көлік және логистика орталығы Сингапур көш басынан орын тепкен. Ал тізімнің келесі жағында теңізге шығар жолы жоқ, табысы аз Африка мен Орталық Азияның елдері орын алған», — деп көрсетілген Әлемдік банктің есебінде.
Қазақстан логистика тиімділігі зерттелген 150 мемлекеттің ішінде 133 орынды иеленген. Зерттеу кеден қызметі, логистика құны (жүк тасымалының тарифін қосқанда), инфрақұрылым сапасы, жүк тасымалын қадағалау мүмкіндігі, тиісті жеріне дер кезінде жеткізілуі және логистиканың отандық саласының мықтылығы секілді көрсеткіштер бойынша әрбір мемлекеттің тиімділігін ескере отырып жүргізілген.
Зерттеушілердің айтуынша, логистика сапасына кеден жүйесі айрықша әсер етеді. Әлемдік банк есебінде жарияланған логистика тиімділігінің индексіне сәйкес, кеден қызметі бөлімінде Қазақстан 150 мемлекеттің арасында 139 орынға табан тіреген. Ал бұл көрсеткіш бойынша топ басында Нидерланды мемлекеті тұр.
Әлемдік банк есебінде көрсетілгендей осыған байланысты үкіметтің өтініші бойынша Әлемдік банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кеденді дамыту жобасын дайындаған. Ұсынылып отырған жобаның басты міндеті — халықаралық сауда ағындарын кедендік рәсімдеудің дүниежүзі мойындаған тәжірибесін енгізу, бюджетке кеден түсімдерін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік тудырмау мақсатында Қазақстанның кеден әкімшілігін реформалау және қазіргі заманға сай жетілдіру болып табылады. Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі жобаны 2007 жылдың 27 қарашасында мақұлдайды деп күтілуде.
Әлемдік банктің жаңа зерттеулері, сондай-ақ, жеке салаларды реформалау, мысалы, кеденді модернизациялау тасымалдаушылардың барлық тізбегіндегі жаңартулармен сәйкестендіре отырып жасау қажет екендігін көрсетіп отыр. Әлемдік банктің сауда директоры Ури Дадуштың айтқанындай, кеден процедурасын жақсартуға болады. Алайда, тасымалдаушылар тізбегінің бар болғаны бір немесе екі бөлігінде тиімділіктің болмауы мемлекеттің жалпы экономикалық беделіне сенімсіздік тудыратын нұқсан келтіруі мүмкін.
Сонымен қатар, Әлемдік банктің есебіне сәйкес, логистика тиімділігін арттырудағы табыс мемлекеттік басқарудың жалпы жағдайына және құрылымдық даму деңгейіне де тәуелді болып отыр. «Мысалы, логистика тиімділігінің индексінде алдыңғы отыз елдің ішінде ресми емес төлемдер (мысалы, пара) сирек құбылыс болып табылады. Сондай-ақ, бұл тізімдегі соңғы орындарды бөліскен елдерде бұл күнделікті құбылыс», — деп атап көрсетілген Әлемдік банк хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті