Жарияланды: 820

Бәсекелестік саясат мәселелері бойынша журналистер арасында ең үздік жарияланымға байқау

Бәсекелестік саясат мәселелері бойынша журналистер арасында ең үздік жарияланымға байқау

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) ҚР бәсекелестік саясат мәселелері бойынша журналистер арасында «2011-Бәсекелестік-БАҚ» ең үздік жарияланымдарға конкурс жариялайды.

Бәсекелестік мәселелерін жазатын бұқаралық ақпарат құралдары арасында конкурс алғаш рет өткізіледі. Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) болып табылады. Конкурсқа қатысуға республикалық және облыстық БАҚ-ның редакциялары, интернет-порталдар, ақпараттық агенттіктердің сайттары, сондай-ақ жеке авторлар (журналистер) шақырылады. Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында теле-және радиоарналарда шыққан және ақпараттық агенттіктердің таспаларында жарияланған мерзімдік басылымдардағы баспа, дыбыс-бейнематериалдары қабылданады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін